Педагогтарды жұмысқа қабылдаудың жаңа ережелері

Екі бағыт:
Жемқорлыққа жол жоқ. Сапалы білім

— Биылдан бастап педагогтерді жұмысқа қабылдаудың жаңа үлгісі енгізілді.  Жаңа өзгеріс, жаңа ереже педагогтарды жұмысқа орналастыру кезінде ашықтықты қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталып отыр. Сондай-ақ білім сапасын көтеру де басым бағыттың бірі.
 Осы уақытқа дейін педагогтерді жұмысқа қабылдаудың нақты ережесі болған жоқ.    

Биылдан бастап балабақшада барлық бос немесе уақытша бос лауазымдарға конкурс өткізіледі.

Конкурс бәріне ортақ

—Балабақша  басшылығы барлық бос немесе уақытша бос лауазымдарға конкурс өткізетіні туралы хабарламаны балабақша  интернет ресурсында жариялайды. Болмаса, әлеуметтік желілер арқылы хабарлама береді.
Айта кету керек, бірнеше жыл жұмыс өтілі бар педагог те, кеше ғана университет немесе колледж бітірген түлек те байқауға қатысуы тиіс. Сыннан өтпей, ешқайсысы жұмысқа қабылданбайды. Яғни конкурс олардың бәріне де ортақ.
Үміткерлер конкурсқа қатысу үшін алдымен өтініш жазады. Өтінішпен бірге өзінің бағалау парағын қоса ұсынады.  Мұнда педагогтің барлық жетістігі көрсетілуі тиіс. Яғни тәрбиеленушілердің жетістіктері, еңбек өтілі, әкімшілік немесе әдістемелік қызмет тәжірибесі, курстық дайындық басқа да көрсеткіштер туралы мәлімет болуы керек. Әрбір жетістігіне балл есептеледі. Мысалы, ғылыми жобаларға қатысқан болса 1 балл қосылады, үздік педагог конкурсына қатысқан болса да 1 балл қойылады. Сөйтіп, үміткердің құжаттарын конкурстық комиссия қарап, оларды растайтын құжаттардың сәйкестігін тексеріп, қорытынды ұпай шығарады. Қорытындысында жұмысқа ең көп балл жинаған үміткер қабылданады. Субъективизм деңгейі барынша төмендейді, — дейді департамент басшысының орынбасары.
Қажетті құжаттар арасында үміткердің денсаулық жағдайына байланысты психоневрологиялық, наркологиялық ұйымдарында есепте тұрмағаны туралы анықтама да бар. Айта кету керек, үміткердің бұған дейінгі жұмыс орнынан ұсыныс хаттар да сұратылады екен. Бағалау  барысында бұл пікір де маңызға ие. Өйткені оң ұсыныс үшін 3 балл қосылады. Теріс ұсыныс берілсе  жинаған ұпайы 5 баллға азаяды.
— Сараптау барысында комиссия мүшелері педагогтің қандай да бір бұзушылықтарға жол беріп, бермегенін де ескереді. Әсіресе, педагогикалық этика бойынша бұзушылықтарға жол бермегені қатаң қадағаланады.

 

Әр жетістік маңызды

Жұмысқа қабылданатын үміткердің барлығының да біліктілік санаты міндетті түрде болуы тиіс.

— Жаңа ережеге сәйкес, биылдан бастап университет немесе колледж түлектері бұрынғыдай диплом тапсырумен ғана жұмысқа қабылданбайды. Міндетті түрде ұлттық біліктілік тестілеуден өтіп, «педагог» санатын алып шығуы тиіс. Педагогтердің жұмысқа қабылдаудың жаңа талаптарының бірі — осы. Егер үміткерлердің ұпайлары тең болса, онда әңгімелесу өткізіледі. Әңгімелесуге қатысқан бірақ тағайындалуға ұсынылмаған үміткерлер кадрлық резервте тұрады. Кадрлық резервте тұрған үміткер келесі конкурсқа тағы да құжат жинап, әуреге түспейді, конкурсқа қатыспайды,